
03.07.2023 жылы аудан әкімінің міндетін атқарушы Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлының төрағалымен, Кеген ауданы әкімдігінің 24.11.2022 жылғы «Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгілеу туралы» №178 қаулысының орындалуы туралы және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мәселелерінің 2023 жылдың II тоқсанында атқарылған жұмыстары бойынша кезекті жиын өткізілді.
Жиынға қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Консультативтік-кеңесші органның мүшелері қатысты.