
ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 29 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Нурмаханов Ертай Сұлтанәліұлы Тасашы және Жаңа Тасашы ауылдарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық аурухана қызметкерлері және ауданның бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында халық тарапынан, ауыз су, жайылымдық жерлер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.