24.06.2023 жылы «Көлсай көлдері» МҰТП теңгеріміндегі жер телімінде өрт шықты. Өрт аумағы 0,08 га. құраған. Өрт себебі, найзағай түсуі болған.

Оқиға орынына, Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.Құдайбергенов, Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Тойшыбеков, аудан әкімінің міндетін атқарушы К.Қабылбеков, аудан прокуроры Е.Жамбыл, аудан әкімінің орынбасары Е.Нурмаханов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Кунтунов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ж.Жасымбеков бастаған топ дереу келді. Жұмыс тобы құрылып, іс-шара жоспары бекітілді.
Өрт сөндіру жұмыстарына, Кеген ауылында орналасқан ПЧ-7 және Төтенше жағдайлар бөлімінен, Нарынқол ауылында орналасқан өрт сөндіру бекетінен, Шонжы ауылында орналасқан ПЧ-6 бөлімінен, «Көлсай көлдері» МҰТП-дан, «Жалаңаш» әскери комендатурасынан, аудандық орталық ауруханадан, аудандық полиция бөлімінен, Саты ауылының ерікті өрт сөндірушілері 50 адам, жергілікті атқарушы органдардан, Саты, Қарабұлақ және Жалаңаш ауылдарынан адам тартылды.
25.06.2023 жылы сағат 11:45 шамасында өрт толықтай өшірілді.