
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында жүктелген міндеттерді орындау, мемлекеттік органдар жұмысының азаматтармен ашық қарым- қатынас жасауға бағытталған жаңа форматын жандандыру мәселесін өзекті ету мақсатында, 16 маусым 2023 жылы аудан әкімдігі ғимаратында Кеген ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» қабылдау іс- шарасын өткізді.
Аталған шараға Кеген, Қарқара, Тасашы, Бөлексаз және Шырғанақ ауылдарынан шешімін таппаған мәселелерімен тұрғындар қатысты.