
Медицина қызметкерлері мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.
Ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы барша медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің төс белгісімен марапатталған дәрігерлерге төс белгісін кеудесіне тақты.
Аудандық аурухананың директоры Алмас Бекенұлы барша медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, ел денсаулығы жолында атқарар істеріне абырой тіледі.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Алматы облысының әкімінің бірінші орынбасарының Алғыс хатымен, Алматы облыстық “Аманат” партиясының Алғыс хатымен және Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған қызметкерлерге грамоталары табыс етілді.
Медицина қызметкерлерінің мерекелік шарасы, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.