2023 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

2023 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

2023 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды. Конкурс аясында Қазақстанның үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.

«Еңбек жолы» конкурсы-жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу,еңбек дәстүрін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттерімен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Еңбек – елдіңмұраты» ұранымен еңбек адамының қоғамдық беделін арттыруға  және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

 1) «Үздік еңбек әулеті» -еңбек өтілі  (ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары  бар әулет таңдалады)

Конкурсқа меншіктің барлық нысындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.Еңбек әулеті- бір ұйымның бір отбасының екі және оданда көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немелерімен),қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың,ауданның(қаланың,облыстың)қоғамдық өміріне белсенді қатысуға,жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге,өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» жұмыс өтілі 5-жылдан аспайтын,ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады:

3)«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»-жұмыс өтілі  кемінде 20 жыл,жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  1. номинация көрсетілген,еркін нысандағы конкурсқақатысу туралы өтініш:
  2. жеке куәліктің көшірмесі;
  3. номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик(қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген)
  4. конкурсант туралы(жұмысы,отбасы,қызығатынісі,хоббиі және т.б)1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power ,Point форматында);
  5. еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскерлердің жұмыс өтілін растайтын,жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзгеде құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
  6. жұмыс берушінің немесе кәсіподақ берген ұсыным хат. Бар болса(мынадай құжаттардың көшірмелері); мемлекеттік немесе ведомствалық наградаларының,мадақтау қағаздарының,алғыс хаттардың көшірмелері; біліктілікті артыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілде ұсынылады.

Өтінімдер 2023 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.

Осыған байланысты,конкурсқа қатысу үшін  Кеген ауылы Б.Момышұлы№19 мекенжайы бойынша «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуыңызды сұраймыз. Анықтама телефоны 21448