
ҚР-ның "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 18-бабы негізінде, 12.05.2023 жылы Кеген ауданы әкімдігінің ғимаратында Заң кеңестерін тегін беру акциясы өтті.
Акцияны Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қайрат Асанұлы Пилалов, Алматы облысының адвокаттар алқасының төрағасы Сәкен Тұрғанұлы Махышев және де ауданымыздағы сот орындаушылар мен адвокат жүргізді.
Акцияның мақсаты-халықтың шешілмей жүрген мәселелерін Заң шеңберінде шешуге көмек көрсету.
Аталған акцияға ауыл тұрғындары келіп, өз мәселелерімен бөлісті және азаматтарға құқықтық түсіндірмелер жүргізілді.