
07.05.2023 жылы Саты ауылында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, шағын футболдан шекара қызметкерлерінің арасында жарыс өтті.
Жарыстың салтанатты ашылуына Кеген ауданы әкімінің орынбасары Ертай Сұлтанәліұлы қатысып, шекара қызметкерлерін құттықтап, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапаттады.