9 мамыр - Жеңіс күні Кеген ауылында орналасқан ҰОС-ның ардагерлеріне арналған ескерткіштен басталды

9 мамыр - Жеңіс күні Кеген ауылында орналасқан ҰОС-ның ардагерлеріне арналған ескерткіштен басталды

9 мамыр - Жеңіс күні Кеген ауылында орналасқан ҰОС-ның ардагерлеріне арналған ескерткіштен басталды. ҰОС-ы ардагерлеріне арналған ескерткіште аудан әкімінің м.а Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр және ҰОС-на қатысқан батырлардың ұрпақтары гүл шоқтарын қойды. Кеген ауылдық округінің әкімі Масенов Руслан Кеңесжанұлы сөз сөйлеп, наиб имам Нұрбол Байділдаұлы ата-бабаларға арнап құран бағыштады.
Және де ана ескерткіші мен тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Сонымен қоса, орталық алаңда аудан әкімінің м.а. Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр және аудан жастары атынан С.Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Тыныбек Мадина Айратқызы сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын құттықтады.
Шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.