25.04.2023 жылы Кеген аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.
Отырыста төмендегідей мәселелер ұсынылды:
1. Ауданның 2022 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы;
2. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4- тармағының ережелері туралы.
Аталған мәселелер бойынша кеңес мүшелелері аудан әкімінің м.у.а. Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Зықаев Халық Сансызбайұлы баяндама жасады.
Жасалған баяндамалар негізінде, аталған мәселелер бойынша алда атқаратын жоспарлар қойылды.