
Кеген ауданы әкімінің өкімімен құрылған туристік аймақтарда проблемалық мәселелерді шешу және заң талаптарын түсіндіру үшін құрылған жұмыс тобының кезекті жиыны болып өтті.
Жиында аудан прокуроры әділет кеңесшісі Е.Жамбыл, аудан әкімінің орынбасары М.Батырханұлы және де тиісті құзыретті органдар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары және өкілдері қатысты.
Аталған жиында туристік аймақтарда заңсыз салынған құрылыстарға, тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысып жатқан тұлғаларға, санитарлық-тазалық сияқты жұмыстарды қолға алу үшін ескертулер жасалып, тиісті шаралар қолданылатындығы айтылды.
Сонымен қатар, аудан көлемінде ауыл шаруашылығы бойынша өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді түгендеп, мемлекеттік жер қорына қайтару жұмыстарын одан әрі жандандыруға нақты тапсырмалар берілді.