
10.04.2023 жылы аудандық мәдениет үйінде ҚР-ның 16.11.2015 жылғы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» №405-V сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеу және жүзеге асыру барысында жиын өтті.
Жиынға әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры С.Б.Пазилов және Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Н.Шохаев, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме қызметкерлер және медицина қызметкерлері қатысты.
Аудандық аурухананың директоры А.Б.Тлеулиев аудан тұрғындарының бүгінгі әлеуқаты мен сақтандыру жөнінде баяндама жасады.
Келген мамандарға тұрғындар, мекеме қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауаптар алды.
Аудан әкімінің м.у.а К.К.Қабылбеков ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларыны және мемлекеттік қызметкерлерге сақтандыру бойынша бірнеше тапсырмалар берді.