
Аудан аумағында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, ылғал жабу, суару жұмыстары жасалып жатыр. Өткен егін жинау науқанында аудандағы шаруашылықтар өздеріне қажетті тұқымды дайындап қойған. Енді жерді өндеу жұмыстары аяқталғанда механизатор арқылы бір мезетте сеуіп шықпақ.Тұқым себер алдында жыл сайын сараптамадан өткізіліп отырады.
Сонымен қатар, егін егу, оны күтіп-баптау, жинау жұмыстарында шаруашылықтарда тракторлар, жүк көліктері барлық техникалар дайын. Қазіргі танда, бұл жұмыстарға 631 трактор, 62 соқа, 48 тұқым сепкіш, 40 жүк көлігі қатысуда.
Өткен жылы «Жігер» сервистік дайындау орталығы ашылып, ауданымызды жаңа техникалармен толықтырып, қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстары бойынша халыққа қолайлы көмегін беріп жатыр. Алдағы уақытта тағы 2 сервистік дайындау орталығы ашуға қаражат сұратып, ұсыныс жазылды.
Көктемгі дала жұмыстарына үкімет тарапынан 220 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май қаралған, 12 шаруа қожалықтан 220 тонна дизель отынына сұраныс түсіп, тізімі «PETROFON» ЖШС-не жолданды. Қазіргі таңда ақпан-наурыз айларына 110 тонна жанар-жағармай жеткізілді.