
Бүгін аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты кеш өтті.
Аудан әкімінің м.у.а. Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы ауданның әр саласында қызмет атқарған ардагер аналар, өз саласында абыройлы жұмыс атқарып жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапаттады.
Мерекелік кеш концерттік бағдарлама және "Сарытау" тойханасындағы түскі аспен жалғасты.