
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-2019 коронавирусын пандемия деп жариялануына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында Қазақстан Республикасы Приезидентінің Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан 08 сағат 00 минуттан 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут аралығында төтенші жағдай енгізілді. Азаматтар көп шоғырланатын ХҚКО жұмысыда уақытша тоқтатылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді екендігін хабарлаймыз.
Осыған орай, азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, азаматтық хал актілерін тіркеуге өтініштерді үйден шықпай-ақ Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) немесе eGov Mobile, TelegramBot мобильді қосымшалары арқылы электронды түрде беруге болады. Ол үшін сізге жеке куәлікте , диск, флешкада орналасқан электронды цифрлы қолтаңбаңыз ЭЦҚ қажет. ЭЦҚ болмаған жағдайда Электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік парольді енгізу арқылы қызметтерді алуға мүмкіндігіңіз бар. Азаматтар мен АХАТ саласындағы қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты азайту мақсатында қызметтердің нәтижесі, яғни куәліктер мемлекеттік қызметті алушының өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне ҚазПошта байланысы арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Біріңғай байланыс орталығына ұялы және үй телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Жақындарыңыз бен өзіңізге қамқор болыңыз!