Ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша 2023 жылдың 2 ақпанында Кеген ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, аудан әкімінің орынбасары Батырханұлы Мұхтар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Шаяхметов Диас және "Қонаев" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдерінің қатысуымен, Кеген ауданының пилоттық жобаға кірген ауылдық округ әкімдеріне және мамандарына жобаның мән-мақсатын түсіндіру және таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Жиын Кеген, Қарқара, Қарабұлақ, Тасашы, Жалаңаш, Шырғанақ ауылдық округ әкімдері және мамандардың қатысуымен өтті.