"Алматы облысының ветеринария басқармасы" ММ-нің "Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы"

"Алматы облысының ветеринария басқармасы" ММ-нің "Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы"

"Алматы облысының ветеринария басқармасы" ММ-нің "Ветеринариялық пункттері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ ММК Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 шілдедегі √51-257 шешімімен бекітілген Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларына сәйкес ауданға қарасты 12 ауылдық округі бойынша жыл басынан барлығы 270 бас қаңғыбас иттер ауланып жойылды. Алматы облыстық мәслихатының шешіміне сүйене отырып ауыл тұрғындарына иттер мен мысықтарды асырау және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары жөнінде 2190 дана жаднама таратылып ит иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ит аулау бригадасы алдағы уақытта да қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарын жүргізді. Егер қамауда ұсталынбаған иттер мен мысықтар аулау бригадасымен ауланып уақытша ұстау торына қамалған 3 күн ішінде иттің иесі іздеп келмеген жағдайда ит жойылады және жойылған итке кәсіпорын жауапкершілік алмайды. Иелері бар көшеде бос жүрген иттер мен мысықтар фото суретке түсіріліп, иелерінің аты - жөні мен мекен-жайы туралы акпарат ҚР жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңына және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бап негізгінде Ветеринарлық пункт мамандары жергілікті полиция мекемесіне шұғыл хабарлама беріледі және осы аталған заң аясында айыппұл салынады.