
ЭНЕРГЕТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Энергетиктердің кәсби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары К.Қабылбеков пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы м.у.а Мұса Манас өңіріміздегі энергетика саласында еңбек етіп келе жатқан ұжымдарды төл мерекесімен құттықтады. «АлматыЭнергоСыбт» ЖШС-і мен «Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік қоғамының Райымбек электр торабындағындағы үздік қызметекерлерге алғыс хаттар табыстады.
– Сіздер біздің аймақтағы энергетикалық ресурстардың көзін игеріп, саладағы алып кәсіпорындардың іргесі қаланып, дамуына ықпал еттіңіздер. Сіздерді тек ауданымыз емес, қазақстандық энергетиканың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Зор денсаулық, отбасылық бақыт, істеріңізге сәттілік тілейміз!