2022-2023 жылдарға арналған жылыту кезеңі

2022-2023 жылдарға арналған жылыту кезеңі

2022-2023 жылдарға арналған жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарын бекітуге сәйкес Кеген ауданы ТЖБ қызметкерлері өрт кезінде адамдардың қаза болу және жарақат алу, сондай-ақ улы газ бен табиғи газдан улану қаупін азайту мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, атап айтқанда:

  1. Кеген ауданының ТЖБ бастығы жеке құрамды сапқа тұрғызып нұсқама өткізді.
  2. Жылу беру кезеңінде Алғабас ауылында 68 үй өтіп, 110 адам қамтылып, 150 жадынама таратылды.

3.Кеген, Бөлексаз, Шырғанақ және Тұюк ауылдық округтері әкімдіктерінің қызметкерлері әлеуметтік осал отбасыларға берілген 25 улы газ датчигін орнатты.

 4.Әлеуметтік желілерде 2 мақала жарияланды.

5.Облыстық «Райымбек» газетінде «сайлау учаскелерін ұстау тәртібі»тақырыбында мақала жарияланды.