Газ баллондарын пайдалануды білесіз бе?
Газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және газдың шығуына жол бермеңіздер. Газдың шығуының негізгі себептері:
- Құрамдастыратын сорғы ақаулығы;
- Редуктор мен газ аспаптарының шлангімен тығыз қосылмауы;
- Бұранда қосылысының тығыз болмауы;
- Крандардың жалғастырғыш тетіктердің тығыздама нығыздауларының берік болмауы;
- Оларға сұйықтық араласып кеткен жағдайда немесе желдің соғуына байланысты шілтер өшіп қалған кездегі газдың шығуы;
- Шілтерді дұрыс жандырмау.
Газ пайдаланғанда мына төмендегі қағидаларды сақтаңыздар.
· -газды желдеткіші бар бөлмеге қою тиіс;
· -газды қоспастан бурын, алдымен астындағы духовксын тексеріп алыңыз;
· -жанып жатқан газды үлкендердің бақылауынсыз қалдыруға болмайды;
· -газ плиткалармен үй жылытуға мүлде болмайды;
· -газды балаларға жағуға болмайды;
- -дурыс істемейтын газ плиталарды, аудандық газ мекемесіне хабарлап жөндету керек.
- Міне осы қағидаларды сақтаған кезде, сіздер өз өмірлеріңізді және дүние мүліктеріңізді өрттен қорғай аласыздар
Осы ережелермен таныс болыңыздар, бұл сіздің немесе жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.