
9 қыркүйек "Қазақстан кәсіпкерлері күні" кең ауқымда аталып өтті.
Аудан көлемінде өз кәсібін дөңгелетіп, салығын тұрақты төлеп, жұмыс орындарын ашып көпке үлгі болып жүрген іскер азаматтар жетерлік. Кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімдігінің қолдауымен мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында кәсіпкерлер өнімдерінен көрме ұсынылып, ресми бөлімінде аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусізова, Алматы обылысының кәсіпкерлер палатасының басшысы Қ. Сағатбайұлы құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. Концерттік бағдарламадан соң, аудан кәсіпкерлері "Көлсай" көлінің туристік әлеуетімен танысып, пікір алмасты, мерекелік дастархан басында ақ тілектерін жолдады. Аудандағы барша кәсіпкерлерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!