
Жылыту маусымы қарсаңындағы өрт қауіпсіздігі
Жыл сайын суық ауа райы басталысымен және жылыту маусымы жақындаған кезде, адамдардың өрттен қаза болуы мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында Департамент жеке тұрғын үй секторын аралау арқылы алдын алу іс - шараларын жүргізеді, ол 3 кезеңге бөлінеді (1 кезең-15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін; 2 кезең-15 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 3 кезең – 15 қазаннан бастап жылыту кезеңінің соңына дейін), оның шеңберінде Департамент қызметкерлері аулаларды аралау арқылы рейдтер жүргізеді, үгіт-насихат жұмыстары күшейтіледі. Аралау барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштардың орнатылуына аса басты назар аударады. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар тапсырылады.
Өрттің басты себептері:
- отпен абайсыз болу;
- электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу;
- жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
- тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және т.б.
Жылыту пештерін дайындау бірінші кезекте мұржадан түтін қалдықтарын күйені, өртке қарсы бөлу құрылғыларынан пештің қатты қыздырылатын бетіне дейін тазалауды қарастырады.
Аталмыш іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, азаматтарға алдағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы еске салу қажет.
Қымбатты тұрғындар мен қонақтар !
Электроқұралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болыңыздар! Ақаулығы бар розеткаларды, басқа да электроқұралдарды қолданбаңыздар. Оты жанған пешті қараусыз қалдырмаңыздар, өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолдануға жол бермеңіздер, бұған салғырттықпен қараған жағдайда, қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.