
Аудан әкімдігінің үлкен залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б. Елеусізова қатысып аудан жұртшылығын мереке күнімен құттықтады. Ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық дамуына ерекше үлес қосып, қызметтерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.