
Аудан әкімі Т.Байедилов «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан Қарқара ауылындағы 30 адам қабылдауға арналған фельдшерлік акушерлік пункті және Спорт залымен біріктірілген мәдениет үйінің құрылыс барысын тексерді.
Тексеру барысында мердігерлерге бірнеше қатаң ескертулер жасап, нысандарды жұмыс кестесіне сай уақтылы өткізулерін талап етті.