18 тамыз Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығы мерекесіне орай

Кеген ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарқара , Аманжол заставасы, Кеген өткізу пункіті шекара сарбаздарын мерекелерімен құттықтау
шарасы өтті. Еліміздің тыныштығы мен шекарасын күзетудегі өз
міндеттерін атқару жолындағы абыройлы қызметтері үшін шекара сарбаздарын аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Әлімбай, аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің Құрмет грамотасын, сый-сияпатын тапсырды. Кеген аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарлама қойылып, соңы аудандық бұқаралық спорттық іс- шараларды өткізу орталығы өткізген шағынфутбол жарысына ұласты. Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, шекара қызметінің ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Шекарашылар күнімен құттықтаймыз! Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!