
Тәуелсіздіктің таңы арайлап атқан сәттен бастап елдігіміздің нышандарын бекіттіп, өз алдымызға егемен ел болдық. Ашық аспанда қалықтаған қыраны бар көк байрағымыздың желбірегені күллі қазақ елінің мақтанышы.
Аудан әкімі Т.Байедилов аудандық мәдениет үйінде «4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай аудан әкімінің Құрмет грамотасымен бірқатар аудан мақтаныштарын марапаттады.
Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар, үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіретін егемен еліміздің елдігінің белгілерін қастерлеу елін сүйген ұлтжанды азаматтардың басты парызы!
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміздің Қазақстан халқына қызмет еткеніне 30 жыл ішінде болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдап келеді!
Салтанаты жарасқан елі бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар дербес мемлекет екенімізді мақтан етейік!
Еліміздің атақ-абыройы әрқашан арта берсін!
Рәміздеріміз тұғырлы, іргеміз берік, шаңырағымыз биік болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!