Бүгін Кеген ауданы мектептерінде "Соңғы қоңырау" салтанатты мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті.

Бүгін Кеген ауданы мектептерінде "Соңғы қоңырау" салтанатты мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті.

Бүгін Кеген ауданы мектептерінде "Соңғы қоңырау" салтанатты мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті.

Айналаны нұрлы шуағына бөлеген мамыр айының таңымен келген осы күн - шын мәнінде ерекше күн. Тәуелсіз Отанымыздың тірегі мен тілеуі болып қалыптасқан азаматтар тәрбиелеуде бейнеттің ауырын көтеріп жүрген ұстаздар қауымы үшін тағы бір оқу жылын қорытындылайтын сәт. Аудан әкімі Т.Байедилов аудан орталығындағы С.Серкебаев атындағы орта мектептің оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиынға қатысып, ізгі тілегін білдірді.
Ауданымыздың білім саласы биылғы оқу жылын сәтті қортындылап отыр. Аудандағы 32 мектепте 5 316 шәкірт білім алуда. Өңір бойынша 294 жас түлек мектеп бітіруде. 14 түлек «Алтын белгіге», 41 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Сонымен қатар, осы мектептің бітірушілер саны 45 «Алтын белгіге» Бақытқызы Алтынай үміткер болып отыр.
Жоғарыда айтып өткендей, бүгінгі күн мектеп бітіруші түлектер үшін ұмытылмас ерекше күн. Өз Тәуелсіз мемлекетімізде өмір сүру, еңбек ету, білім алу – үлкен бақыт. Бейбіт күннің шуағына бөленген Отанымыздың келешегі кемел, болашағы зор. Бүгінгі ұшқыр уақыт – білімді жастардың заманы. Тек дұрыс таңдау, дұрыс қадам жасаған жөн.
Мерекелеріңіз құтты болсын!