Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Өткен ғасырда орын алған, тарих беттерінде қара бояумен жазылған, ұмытылмас қасірет. Қазақ қазақ болғалы ұлтымыздың басынан неше қилы кезеңдер өтсе, сондай нәубеттің бірі – дәл осы 1937 – 1939 жылғы саяси қуғын-сүргін қасіреті болды.

Бұл қолдан жасалған қасірет біздің ауданымызды да шарпыды. Ауданымыздағы бас көтерер азаматтарымыз жазықсыздан жазықсыз «Халық жауы» атанып қуғын-сүргінге ұшырады.

Отаны, елі, жері, болашағы үшін өз жанын пида етті. Біз сол үшін де арыстарымыздың әруағына тағзым етіп, бас иеміз. Бабаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Тәуелсіздігіміз, тұтастығымыз үшін құрбан болған арыстарымызды мәңгі ұмытпаймыз.

Аудан әкімі Т.Байедилов аудан орталығындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып тағзым жасады. Қуран бақышталды.

Басымыз аман, бауырымыз бүтін, заманымыз тыныш болып тек қана жақсылықта, жақсы күндерде жүздесейік!

Тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін!