
7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушы күні аталып өтеді. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына қосылды.
Бүгін 7 мамыр « Отан қорғаушылар» күні, Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 30 жыл мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде Аудан әкімі Т.Байедиловтың қатысуымен мерекелік кеш болып өтті.
Кеш барысында аудан басшысы бірқатар әскери қызметкерлерді Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады.
Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.