Құрметті ағайын!

Құрметті ағайын!

Құрметті ағайын!

Сіздерді «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс әкелген қазақстандықтардың мейрамы. Ертеден еркіндік пен елдікті, бейбітшілік пен берекені тілеген еліміз ешқашан өзгені өзекке теппеген.

Сонау жылдары туған жерінен еріксіз көшірілген көптеген өзге ұлт өкілдеріне бір үзім нанын бөліп беріп, өз үйінің төрін ұсынған қазақ халқы әрдайым қонақжайлылық пен адамгершілік үлгісін көрсетіп келгені тарихтан баршамызға аян.

Бұл – елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерін бір-бірімен жақындастыра түсетін, оларды ынтымақ-бірлікке үндейтін, татулыққа ұйытатын тағылымды мереке. Халқымыздың қанына сіңген бауырмалдық, кеңпейілділік, мейірбандық қасиеттер ұлтаралық қарым-қатынастың одан әрі жақсаруына, бірлік пен достығымыздың нығаюына ықпал етіп келеді.

Құрметті ағайын, мемлекетіміздің Тәуелсіздігі одан әрі нығая берсін! Мереке күндері әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт заман болсын!

Аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы