Ономастика саласы бойынша өзекті мәселенің бірі ретінде жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын ономастикалық атауларды тарихи жер – су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою шаралары қолға алынып жатыр

Ономастика саласы бойынша өзекті мәселенің бірі ретінде жергілікті жерлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын ономастикалық атауларды тарихи жер – су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше шектеу қою шаралары қолға алынып жатыр.Осыған орай бүгін әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беруге байланысты семинар - кеңес болып өтті. Семинар - кеңестің басты мақсаты аудан аумағында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау болып табылады.
Бүгінгі семинар – кеңеске:
- ауылдық округ әкімдері, әр ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағалары және ономастикаға жауапты мамандары, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылған.
- сонымен қатар бүгінгі семинар кеңеске Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ақшабаев Ермек Сүндетбайұлы әдейі шақырылды.
- аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Досымбеков Сабыр Досымбек ұлыда қатысты. Бір қатар өзекті мәселелердің шешімі табылып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды.