
СПОРТ САҢЛАҚТАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
Елдің мерейін асырып, мәртебесін асқақтататын - спорты мен өнері. Мемлекетімізде спортты дамытуға, әсіресе, ауыл спортын өркендетуге барынша назар аударылып келеді. Кеген ауданының волейболшы жігіттері облыстың көшін бастап келе жатқан жайлары бар. Олар жыл басында өткен облыстық чемпионатта 1 орынды жеңіп алды. Өңірдің көкпаршы жігіттері де облыс бойынша алдыңғы қатарда келеді. Кеген өңірі басқаны айтпағанның өзінде Қазақ күресінен 2 дүркін Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Тәліптей палуан шыққан киелі өңір. Сәрсенбінің сәтті күні өңір басшысы Байедилов Талғат Ескендірұлы ауданның мәртебесін көтеріп жүрген бір топ спортшылардың басын қосып, мәдениет үйінің кең залына жиналған қалың көпшіліктің алдына сый-құрметін көрсетті. Бәрекелді! "Орамал тон болмайды, жол болады",-демекші, спортшыларға көрсетілген құрмет келекшекте жақсы жеңістерге жол ашары даусыз.
.