Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында “AMANAT” партиясы Кеген аудандық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе ұсынылды.
1 «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы аудан әкімі Т.Байедиловтің есебі; Баяндамашы: Аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы
- Аудандық мәслихат депутаттарының 2021 жылғы «Рейтинг депутатов» жүйесіндегі енгізген материалдары туралы және рейтинг қорытындысын талқылау; Баяндамашы: Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы.
- Кеген ауданындағы ауылдық округ әкімдерінің депутаттық фракция мүшелерінің алдындағы есеп беру кестесін бекіту. Баяндамашы: Аудандық фракция жетекшісі Дарубаева Галия Әділжанқызы. Ұсынылған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті шешім қабылданып, тиісті ұсыныстар берілді. Отырысқа аудан әкімі Т.Байедилов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы А.Нұғман, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті мекеме басшылары қатысты.