
Кеген ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында "E-Gov-барлығына қолжетімді" акциясы өтті. Акцияда аудан жастары тұрғындарға E-gov.kz электронды үкімет веб-порталын қолдану, MGov, Digital Agent, TelegramBot мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мен бағалау жолдарын түсіндіріп, 2000 брошюралар таратылды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап қолданыстан алынатын "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызметі бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілді.
