2021 жылдың шілдесінен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енді.

2021 жылдың шілдесінен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енді.

2021 жылдың шілдесінен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енді.

Жаңа заңның мемлекеттік құқықтық, сот жүйесіне, соның ішінде мемлекеттік органдардың қызметіне тың серпін берерін атап өткен жөн.

Еуропа, Балтық, сонымен қатар пост-кеңестік мемлекеттердің көбінің құқықтық жүйелерінде әкімшілік әділеттің дамығаны белгілі. Біздің елімізде де заңның қабылдануы кезек күттірмейтін шара екені 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да, кейіннен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауынан да анық аңғарылады. Соның ішінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» тұжырымдамалары, әділ сот төрелігі, соттардың мамандандырылуы секілді негізгі бағыттар айқындалып, қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдылығы бар мақсатқа айналу керектігі айтылған болатын.

Күнделікті өмірде жеке және заңды тұлғалар үнемі мемлекеттік органдардың қызметіне жүгінеді және олармен қатынастарға түседі. Бұл қатынастар билік және бағыну қатынастарынан туындайтындықтан, қатысушылардың теңсіздігімен ерекшеленеді. Бұл ретте мемлекет атынан өкілеттік ететін басқару органдары қызметінің ерекшелігі ескеріліп, азаматтар мен заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сотта қорғалу құқығына кепілдік берілуі тиіс. Сол жария құқықтық қатынастарда адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тетіктерінің бірі-Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс.

Кодекстің қабылдануы ел үшін жаңа институт-әкімшілік әділеттің құрылуымен маңызды. Жария-құқықтық дауларды реттейтін кодекстің мақсатын жеке, заңды тұлғалардың бұзылған немесе дауланатын құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтірудің тиімді тетіктерін орнату.

Жаңа заң құқықтық жүйе үшін жаңа құжат, мемлекеттік құрылымда, қоғамда бетбұрыс жасайтын тың заңнама. Кодекс жария-құқықтық дау кезінде мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың теңдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз етумен қатар, мемлекеттік басқару аясындағы заңнаманың осы уақытқа дейін бір жүйеге түспеген олқылықтарды шешуге бағытталған.