
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен залында “AMANAT” партиясының Кеген аудандық филиалының партиялық актив отырысы өтті. Отырыстағы күн тәрітібіндегі ұсынылған мәселе Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын Кеген ауданының жұртшылығына кең көлемде жариялап, жеткізу туралы болды. Осы аталған мәселе бойынша аудан әкімі Талғат Ескендірұлы, Алматы облыстық мәслихат депутаты Сарсеков Сайдулла Камалұлы, “Саты” БПҰ-ның төрағасы, Саты ауылдық округінің әкімі Алимов Рүстем Жеңісұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Халық Сансызбайұлы өз пікірлерін айтып, жолдауға қолдау білдірді. Ел Президентінің осы жолғы халыққа арнаған жолдауы көптің көңілінен шықты. Сонымен қатар алдағы уақытта Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қаласына қазақтың біртуар перзенті, ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың атын беру туралы ұсынысты бүкіл аудан болып қолдады.