
Көктемдегі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышқа толы күні!
Ауданымыздағы ақ жаулықты аналарымызбен әпке қарындастарымызды Аудан әкімі Т.Байедилов 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен ерекше құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттап, сый сияпаттар табыстады. Мерекелік кеш «Кеген халық театырының» концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен ауданымыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.
Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.