Жалаңаш ауылдық округі мен Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы кездесу өткізді.

Жалаңаш ауылдық округі мен Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлы  кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың

3 наурыз 2022 жылғы № 826 Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін және есептілігін арттыру мақсатында

Жалаңаш ауылдық округі мен Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі

Байедилов Талғат Ескендірұлы

кездесу өткізді.

Жиын барысында Жалаңаш, Алғабас ауылдарының ауылшаруашылық саласы бойынша мәселелер көтерілді. Суармалы каналдарды жөндеу, жайылым мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Тұрғындар қойылған сауалдарына толық жауаптар алды.

Кездесуден кейін Алғабас ауылының күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан дәрігерлік емхана ғимаратын және БЖК 2025 бағдарламасы арқылы газоблок өндіру үшін грант ұтып алған ЖК "Береке" шаруашылығын барып көрді. Кәсіпкер кірпіш, газоблок, тақтай шығаруды жолға қойған, тігін цехын, келешекте наубайхана ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.