
1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мерекені халқымыз 2016 жылдан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін яғни 1 наурызды Алғыс айту күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуде. Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Т. Байедиловтің қатысуымен мерекелік кеш болып өтті. Аудан халқына қызмет көрсетуде күн түн демей еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Көктемнің алғашқы Алғыс айту күнінде барлықтарыңыздың отбасыларыңызға жақсылық, мол бақыт тілеймін! Денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз келісті болып алға қойған мақсаттарыңызға, жақсы да сәтті күндеріңізге жете беріңіздер!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел экономикасы күннен күнге еселеніп, дами берсін.
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Мереке мерекеге жалғаса берсін!