
Бүгінгі теңдесі жоқ Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында Кеген аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде елімізге мерекенің мерейіндей болып Дидарқызы София атты бүлдіршін жаңа өмір есігін ашып, дүниеге келді. Анасы Рахидин Мадина өмірге келіп жатқан үшінші перзентім деп толқынысын жасыра алмады.
Еліміз үшін Ұлық мереке қарсаңында дүниеге келген перзентті құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Медет Шайытханұлы арнайы келіп, сый-сияпат табыс етіп, жас босанған анаға "Сүйінші" бағдарламасы аясында облыстан сый келетінін жеткізіп, балаға ойыншық пен Мұқатай Жылқайдаровтың кітабын табыс етті.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақ екенін негізге ала отырып, осындай қуаныштар мен дүниеге келетін балапандарымыз көбейе берсін, бейбіт заманда, балғын балалығымен бақыттың таңына арайланып, елім деген ұрпақ өсіп-өркендей берсін демекпіз.