
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.
Халықтың әл - ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. «Ел ырысы үшін еңбек етуден артық бақыт жоқ»-, деп түсінетін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің төл мерекесі ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен жұмыста қол жеткізген табысты еңбегі үшін осынау жауапты міндетті абыроймен атқарып аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлерін аудан әкімі Т.Байедилов марапаттады.
Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, отбасыларыңызға амандық , еңбекте табыс және баянды бақыт тілейміз. Ел ырыздығын еселеген еңбектеріңіз одан әрі жанданып, Тәуелсіз мемлекетіміздің жедел қарқынмен дамуына ортақ үлес қоса беріңіздер!