АРДАГЕР СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Мемлекеттің мерейін көтеретін спорты мен өнері. Кеген ауданындағы спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, КСРО халықтары жазғы спартакиадасының жеңімпазы, ардагер спортшы Кебекбаев Боранбай мен бар ғұмырын ауыл спортын дамытуға арнаған, қазақ күресінен балуандарын баптаған, ұзақ жылдар шәкірттеріне дене шынықтыру пәнінен дәріс берген ұлағатты ұстаз, ардагер спортшы әрі ақын Шеризат Мекебаевпен жылы жүздесу ұйымдастырылып, аудан әкімдігі, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі атынан сый-құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков жаңа жыл қарсаңындағы жылы ниетімен бірге қос ардагер спортшыға аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Иықтарына шапанжауып, ат міңгізді. Қос ардагердің құрметіне жас палуандардың кілем үстіндегі белдесулері ұйымдастырылды.