
Қазақстанның жаңа даму кезеңі
Қазақстан Республикасының Президенті,Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Парламентінің мәжілісінің бірлескен отырысында мемлекетіміздің қазіргі ахуалы және келешектегі басшылыққа алатын басым бағыттары туралы баяндады. Алдымен ҚР Премьер - Министрінің кандидатурасын мәжіліс депутаттарының алдына ұсыныспен енгізді.Бұл ұсынысты мәжіліс депутаттары қолдады.ҚР Премьер - Министрі болып Ә.А.Смайылов тағайындалды.Ел Президенті Қазақ елінің ауыр да қайғылы трагедияны бастан өткергендігін,мемлекеттік қауіпсіздік мәселесімен айналасатын тиісті құрылымдарының әлсіз жақтарын айта келе,мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндірген терроршылар жазаланатынын баса айтты.Ендігі кезекте мемлекеттің әр сала бойынша даму бағыттарын айқындап,тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында "Қазақстан халқына"атты қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырды.Оған тәуелсіздік жылдарында жағдайын жақсартқан ірі бизнес компаниялардың қаржы салуын реттеуді Үкіметке тапсырды.Сондай-ақ әлеуметтік алшақтық болмас үшін Үкімет мүшелерінің, депутаттардың, облыс әкімдерінің еңбек ақыларын көтермеуге 5 жылға мароторий жариялады.
Мемлекет басшысының бар ойы- Тәуелсіз қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту болды.Бізде бұл пікірге толықтай қосылып,мемлекетіміздің дамып, өркендеуіне азамат ретінде өз үлесімізді қосатын боламыз.Қазақта "Алтау ала болса,ауыздағы кетеді.Төртеу түгел болса,төбедегі келеді"-деген аталы сөзі бар.Сондықтан елдің сырты жаудан,елдің іші даудан аман болсын!Қазақ аспанында Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, туымыз көкте желбірей берсін!