Үндеуді қолдаймыз!

Үндеуді қолдаймыз!

Үндеуді қолдаймыз!

ҚР Президенті ҚК Тоқаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысындағы үндеуі халық қолдауына ие болуда.Үндеуде айтылған әрбір мәселе өзекті.Яғни қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқандығын көрсетті. "Алматы трагедиясы"деп аталған бүлік, еліміздігі тыныштықты,тәуелсіздікті әлі де көре алмайтын пиғылы бөлек адамдардың бар екендігін байқатты.Республиканың барлық өңірлерінің орталықтары қирады."Nur Otan"партиясының ғимараттары өртелді."NurOtan" партиясы халықтың партиясы ретінде елмен бірге болып, мемлекеттің, жұртқа түскен қайғыны бөлісуде.Партия пандемия кезінде де, ел-жұртпен бірге "Біз біргеміз!"қоры арқылы халықтың әлжуаз тобына көмек берген болатын. Бүгінде халықпен бірге бүліктен кейінгі ахуалдың жақсаруының алдыңғы шебінде жүр.

Біз үшін тәуелсіздіктен маңызды ештеңе де болмауы тиіс. Сондықтан ҚР Президенті, Мемлекет басшысы ҚК Тоқаевтың 11 қаңтардағы үндеуінен туындайтын мәселелерге жете мән беріп, елдегі ахуалдың жақсаруына қолдау көрсетіп, сабырлылық сақтап, жел сөзге ермей, мемлекет пен қоғамның даму жолындағы Мемлекет басшысының жанқиярлық еңбегін бағалап, қазақ ұлтына қазақ мемлекеті мен жерінен басқа жұмақ мекен жоқ екендігін түсініп, еліміздің дамуына үлес қосайық,ағайын !!!

Оқас Нұрмаман Төкенұлы

Аудандық мәслихаттың депутаты