Кітап қорымен толықты

Кітап қорымен толықты

Кітап қорымен толықты

Қапез Байғабылов атындағы орта мектепте мектеп ұжымының ұйымдастыруымен бірнеше Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы, жыр жинақтарының авторы, Тоғызұлақ ауылының тумасы, «Қазақ Әдебиет» газетінің орынбасары болып қызмет жасайтын Қанағат Әбілқайырмен кездесу өтті. Кездесуге Қанағат Әбілқайыр ағамызбен бірге қонақ болып келген бірнеше жыр- жинақтарының авторы, ақын Бақыт Беделхан ағамызда қатысты. Ақынға көптеген сұрақтар қойылып, өлеңдері оқылды, ағаларымыз жастарға өнегелі әңгімелер айтып, батасын берді.

Аудан орталығынан келген Ішкі саясат, Мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің басшысы Айбол Баратбекұлы арнайы құттықтау сөз сойлеп, аудан әкімінің алғыс хатымен екі ақынның да иыгына шапан жапты. Мектеп ұжымы да ақындарға сый- сияпаттарын ұсынды.

Кештің басты мақсаты Қанағат Әбілқайыр мектеп қорына 600- ден аса кітап тарту етіп, жақсы бастама көтерді. Мектеп оқушыларының арасында әдебиетке, поэзияға жақын жастардың басын қосып, кітап оқитын жастарды көбейту болды. Қапаз Байғабылұлы атындағы мектепте балталған бұл бастаманы ауданнан түлеп ұшқан ақын- жазушыларымыз жалғастырса деген ойларын білдірді.