03 ақпан Дүниежүзілік сайлау күні

03 ақпан  Дүниежүзілік сайлау күні

03 ақпан  Дүниежүзілік сайлау күні  

Бұл күнді атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен басталды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады.    Ақпан айының бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі өйткені Xалықаралық сайлау туралы келісімдерге ақпан айының басында қол қойылды.

Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселелеріне адамдардың назарын аударуға тырысты.

Бұл күннің мақсаты – демократиялық сайлаудың маңыздылығын еске салу, сайлаушылардың белсенділігін арттыру.

Осыған орай  Кеген аудандық сайлау комиссиясы Кеген аудандық  жастар ресурстық орталығы, жастар ісі жөніндегі нұсқаушыларымен және Кеген ауданы Жалаңаш ауылында орналасқан «Көлсай» кәсіптік техникалық колледжінің студенттері және мұғалімдерімен «Таңдау және сайлану Конституциялық құқығы» тақырыбында кездесу болды.  Кеген аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Кенжебаев осы тақырып бойынша жиынға қатысушыларға баяндама жасады.

 Баяндама барысында жастарға болашақ таңдау және сайлану құқығы туралы айтылды. Бұл құқық біздің еліміздің әр бір азаматының айрықша құқығы болып табылады, оған Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік береді. 18 жасқа толған әр бір Қазақстан азаматы мемлекеттік билік органдарына сайлауға, ал заңдарда белгіленген жасқа толғанда сайлануға құқылы екенін айтылды. Қазақстан Республикасының азаматы жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне,шығу тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына қарамастан,белсенді және бәсең сайлау құқығына ие екендігі аталып өтті.

 Әңгіме барысында жиынға қатысушылармен сайлау комиссиясы мүшелері арасында пікір алмасты.

 

                                                                                                                 Кеген аудандық сайлау комиссиясы