
Аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Тәуелсіздік-бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Отыз жыл ішінде Қазақстан шекарасы бекітіліп, өз алдына дербес зайырлы ел болдық. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен эканомикасы дамыған Тәуелсіз мемлекетке айналды. Аудан әкімі Т.Байедилов Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай ауданымыздың эканомикасының дамуына үлес қосқан бірқатар аудан азаматтарына «Кеген ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Толығырақ http://kegen-maslihat.gov.kz/kz/kegen-audanyny-rmetti-azamattary.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 02.12.2021 ж. № 702 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» құрметіне арналған мерекелік медалімен марапатталғандар:
Мұқанова Тұрсынкүл, Досымбеков Сабыр, ЗыкаевХалық Сансызбаұлы, Әлімбай Тұрсынбай Тоекеұлы, Бекпентаев Нұрболат Тлеуханұлы, Тақабаев Марат, Тоқтыманов Мұхтар Райымбайұлы, Қайырбекова Майрагүл Ыбрайымқызы, Көнеева Бақытгүл Демеженқызы, Әлиасқаров Жеңісбек Мөнкебайұлы, Нұрқалимов Кәрібай Катайұлы, Таударбекова Рысалды Әбдікерімқызы, Таласбаева Нағима Бейсекызы, Саменов Бақыт, Аришов Әділжан Нұрғабылұлы, Көпжасар Нұрлыбай, Көшкінов Куандық Айтбайұлы, Елеусізова Бота Серікқызы, Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы, Исаев Медет Шайытханұлы, Таубалдиев Болат Әбікенұлы, Сәлімбаев Леміс, Сыбанбаев Әріп