Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған Кеген ауданы әкімінің «Жыл үздігі-2021» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған Кеген ауданы әкімінің «Жыл үздігі-2021» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған Кеген ауданы әкімінің «Жыл үздігі-2021» жастар сыйлығының иегерлері марапатталды. Салтанатты шараға аудан әкімі Т.Байедилов әкімдік қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мәдениет саласының қызметкерлері, аудан жастары және БАҚ өкілдері қатысты. «Жыл үздігі-2021» байқауына Кеген ауданының 14 пен 29 жасқа дейінгі белсенді жастары: аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық, байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған әр саланың жастары бақ сынаған болатын. Шараның ашылуында аудан әкімі Т.Байедилов құттықтау сөз сөйлеп, жыл үздіктерін марапаттады. Жастар сыйлығына лайықты деп танылған үздіктерге аудан әкімінің статуэткасы, диплом 25 000 теңге сертификат табысталды.