Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Кеген ауданының Жылысай ауылында "Балдырған" бөбекжай балалар бақшасы ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Кеген ауданының Жылысай ауылында "Балдырған" бөбекжай балалар бақшасы  ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Кеген ауданының Жылысай ауылында "Балдырған"бөбекжай балалар бақшасы ашылды. "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдағы 140 орындық балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Заманауи, жылы және жайлы 90 балаға арналған бөбекжай. Күрделі құрылыс жұмыстарын "Энерго Строй Проект"ЖШС мамандары мен құрылысшылары жүргізді. Аудан әкімі Т. Байедилов  «Осынау заманауи балалар бақшасының іші балапандарға толсын! Құшағынан Тәуелсіз еліміздің тірегі болар, әлемдік бәсекелерде көк байрағымызды желбіретер, қоғам дамуына айтулы үлесін қосар азаматтар көптеп шықсын!»,-деген ыстық ниетін жеткізіп, аудан әкімдігінің атынан қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бақытгүл Көнеева, ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жаңылша Тергеуісова сөз алып, тұрғындар қуанышына ортақтастығын айтты. Ауылдағы ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Таубалдиев осынау балалар бақшасының күрделі жөндеуден өткізілуіне негіз қалаған аудан басшыларына, азаматтарына алғысын айта келіп ақ батасын берді.
Бастауыш сыныптың ұлағатты ұстазы Гүлнар Батабекова басқаратын бөбекжайда 90 бала мектеп алды тәрбиесін алатын болады. Жылы да жайлы, заманға лайық қамтамасыз етілген бөбекжай көп көңілінен шықты. Балапандар қуанышы ұзағынан сүйіндірсін!