
Кеген ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздіктің алтын қазынасы – Ана!» атты аналар кеңесінің аудандық форумы болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков форумға қатысушыларды құттықтады. Мереке қарсаңындағы ізгі тілек-ниетін білдірді. Осы күні аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков, Бөлексаз ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Бабалиева, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Төлқожақызы, Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Сатаева, Ұзынбұлақ ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Алмагүл Түзелбекова аудан әкімінің Алғыс хатымен және «Шолпан» ресурстық қоры қоғамдық бірлестігінің заттай сыйлығынмен марапатталды.